RSS
Қадағалау
Нөмірлерді енгізіңіз
Сіздің жөнелтпе құжатыңыз 5 данадан кем емес, үтір арқылы:
предложения
DIMEX & Общество
16.10.2014

(Количество фото 9 шт.)


11.06.2015

(Количество фото 4 шт.)


29.05.2014


17.04.2014

(Количество фото 5 шт.)


25.02.2013
DIMEX компаниясы К-1 бөлімінде кикбоксинг бойынша Ресей чемпионатының серіктесі болды

Ростов облысының Шахта қаласында К-1 бөлімінде кикбоксинг бойынша Ресей біріншілігі және чемпионаты басталды. Жарыс Кикбоксингтің әлемдік қоғамдастығының (WAKO) қамқорлығы аясында өтеді.  Жеңіс тұғырына шығу үшін әйелдер мен ерлерден 500-ден астам кикбоксшілер күш сынасады, жарыс 19 жас және одан үлкен, 17-18 жастағы жеткіншектер және 15-16 жастағы жасөспірім спортшылардан тұратын үш түрлі жас категориялары арасында өтеді.  

Турнирге еліміздің түрлі аймақтарының және СКФА республикаларының спортсмендері қатысады. Шешен спорт министрлігінің және Дағыстан кикбокс Федерациясының мәліметтері бойынша республикалардан келген командаларға дәрежелі спортсмендер, көбі жеңіске мықты дайындықпен келген көптеген біріншіліктердің жеңімпаздары кіреді.
Жергілікті спортсмендер де жеңіске жетуге және медальға күресуге бел байлап отыр. «Шахта - Гиннес рекордтар Кітабына олимпиада чемпиондарының қаласы ретінде енген, бізде олардың саны тоғыз» -деп Ростов облысы кикбокс Федерациясы президенті Евгений Жадяев зор мақтанышпен айтып берді. Енді өз жерімізде өтетін Сочидегі Олимпиада қарсаңында қаламызда қандай-да бір маңызды спорттық іс-шара өткізуіміз қажет. Шахтада кикбокстен чемпионат әлі бір де бір рет өткізілген жоқ, енді міне біз алғаш рет мұндай құқыққа ие болып отырмыз.
DIMEX компаниясы ұзақ жылдар бойы бүкіл ресейлік қана емес, сонымен бірге халықаралық деңгейдегі спорттық іс-шараларға да қолдау көрсетіп келе жатыр. Кез-келген спорт адам баласының алға басуына және жақсы жетістіктерге жетуіне деген талпынысын қалыптастырады. Жеңіске деген олимпиадалық ерік-жігер біздің Компаниямызға рухани қасиеті жағынан өте жақын. Жаппай дене шынықтырудың және спорттың өркендеуі DIMEX-тің ұжымдық әлеуметтік саясатының ажырамас бір бөлігі болып табылады-деп атап көрсетті «ДАЙМЭКС» БК Президенті Андрей Мышковец.

 


24.09.2012
DIMEX Ресейдің оңтүстігіндегі кәсіпкерлік белсенділіктің дамуына ықпалдастық жасайды

Қыркүйекте Дондағы Ростовта жылдың ең маңызды бизнес- шараларының бірі -  Байланыстардың және Инвестициялардың Халықаралық Биржасы өтті.
Өңірдің нақты бизнес жобаларына инвестицияларды тартудың маңыздылығын түсінген және ресейлік және шетелдік бизнес өкілдерінің іскерлік байланыстарын дамытуға ұмтылған DIMEX жеткізілімінің курьерлік қызметі бұл іс-шараның серіктесі ретінде шықты.
«Кәсіпкерлік белсенділік бұл - әлемнің кез келген елінің экономикасының негізі. Бұл бизнестің өсуі мен дамуын мәжбүрлейтін нәрсе. Біздің Компания жүктерді және хат-хабарларды жеткізе отырып, Ресейдің және жақын шетелдің әр түрлі өңірлеріндегі кәсіпорындар мен ұйымдар арасындағы іскерлік байланыстарды нығайтады. DIMEX қызметі біздің клиенттеріміздің бизнес-үдерістерін жеңілдетеді және өңіраралық бизнес ынтымақтастыққа жағдай жасайды. Мұндай іс-шараларды қолдай отырып, DIMEX компаниясы Ресейдің оңтүстігіндегі инвесторлардың, кәсіпкерлердің өзара әрекеттестіктерінің бірыңғай ортасын қалыптастыруға үлес қосады», -деп атап өтті БК «ДАЙМЭКС» Президенті Андрей Мышковец. 
Байланыстардың және Инвестициялардың Халықаралық Биржасы Дондағы Ростовта төрт жыл қатарынан өткізіліп отыр. Серіктестік аясында DIMEX компаниясы форумға қатысушылар мен форум қонақтарына өзінің қызметтерін және қызметінің бағыттарын ұсынды.  
Осы жылы іс-шараға 350 астам адам қатысты, оның ішінде АҚШ-тан, Ұлыбританиядан, БАЭ, Жапониядан, Германиядан, Венгриядан және Қытайдан келген 23 инвесторлар болды.
Ресейдің оңтүстігінің 40 астам шағын және орта бизнес өкілдері өздерінің инвестициялық жобаларын ұсынды.

 


05.09.2012
DIMEX компаниясы Аралас жекпе-жек халықаралық турнирінің серіктесіне айналды

Дондағы Ростовта PRO FC 41 аралас жекпе-жек бойынша үлкен халықаралық турнир өтті. Оған Ресейден, Армениядан, Украинадан, Франциядан, Эстониядан, Литвадан және Белоруссиядан келген аралас стилдегі атақты кәсіби күресшілер қатысты. DIMEX компаниясы турнирдің серіктесі ретінде шықты.
Өткен чемпионаттарға қарағанда PROFC 41 турнирінің айырмашылығы - күрес әдеттегі рингте емес, октагонда немесе сегіз бұрыштықта өткізілді. Ал бұл, аралас жекпе-жектің жанкүйерлері үшін күресті барынша көріністі және қызықты етті.
«DIMEX компаниясы ұзақ уақыт бойы тек Ростов облысында ғана емес, сонымен қатар Ресейдің басқа да өңірлерінде және жақын шетелде де түрлі спорттық шараларға қолдау көрсетіп келеді. Спорттың кез келген түрі адамдардың бойында ынта-жігерді қалыптастырып, даму мен жақсы табысқа жетуге итермелейді. Жеңіске деген олимпиадалық ерік біздің Компанияның рухына жақын деп айтуға болады. Мұндай деңгейдегі халықаралық спорттық шараларды қолдай отырып, DIMEX компаниясы бұқаралық дене шынықтыруға және спортқа өзінің қомақты үлесін қосады, яғни, ұлттың салауатты дамуына мүмкіндік жасайды»- деп ой түйеді  «ДАЙМЭКС» БҚ Президенті Андрей Мышковец.

 


22.08.2012
DIMEX виступить бізнес-партнером IV-ї Міжнародної Біржі Контактів і Інвестицій

 13-15 вересня 2012 року в рамках ХІІ Міжнародного бізнес форуму на Дону пройде IV-а Міжнародна Біржа Контактів і Інвестицій (МБКІ - 2012).

Компанія DIMEX відкрита до взаємовигідної співпраці і сприяє розвитку ділових зв'язків представників російської та іноземної бізнес-спільноти. DIMEX виступить бізнес-партнером Міжнародної Біржі Контактів і Інвестицій, метою якої є залучення інвестицій у конкретні проекти Ростовської області.
Форум проводиться в Ростові-на-Дону четвертий рік поспіль. У 2011 році в заході взяло участь більше 350 чоловік, в т.ч. 16 інвесторів, 4 експерта федерального рівня, представник ділових кіл Японії та Німеччини, Нижнього Новгорода, Ставрополя і Марій Ел, Голови Адміністрацій Муніципальних утворень РВ, власники інвестиційних проектів, члени Асоціацій Випускників Президентської і Губернаторській Програм, члени РОО ОПОРА РОСІЇ, підприємці, студенти. За підсумками форуму було підписано 5 угод про інвестиційне співробітництво і партнерство з сумою потенційних інвестицій 
3 млрд. руб.
У 2012 році в МБКІ візьмуть участь як потенційні інвестори, так і експерти в сфері інвестицій з Росії, США, Японії, Німеччини, Китаю, країн Перської затоки та ін.. Цільова аудиторія форуму - російські та іноземні інвестори, підприємці, представники органів влади, винахідники .
У рамках своєї участі в МБКІ-2012 компанія DIMEX представить свої послуги і нові напрямки діяльності учасникам і гостям форуму.
 

14.05.2012
DIMEX компаниясы Ростов қаласының тұрғындарын Жеңіс күнімен құттықтады

(Количество фото 2 шт.)

Ростов қаласының жүздеген тұрғындары концерт көрермендері болды, олар үшін сахнадан соғыс жылдарындағы танымал әндер шырқалды, әсерлі нөмірлерімен қалалық хореография ансамльдері өнер көрсетті.

 

 «Жеңіс күні – еліміз үшін қасиетті мейрам. 9 мамыр – жылдан жылға бізді ұлы кешегісі, әрі, сөз жоқ, ұлы келешегі бар бірегей елде тұратынымыз туралы ойлар арқылы біріктіретін күн. Осы сияқты іс-шараларды ұйымдастыра отырып, соғыс жылдарындағы әндерді еске ала отырып, дарынды орындаушыларға қолдау көрсете отырып, біз еліміздің бейбітшілігін, еркіндігі мен тәуелсіздігін, оның болашақ ұрпағының бақытын қорғап қалған, жеңіс туын желбіреткен қаһармандарымыздың рухына құрмет көрсетеміз», – дейді «DIMEX» Басқарушы компаниясының Президенті Андрей Мышковец.

 

 


28.04.2012
DIMEX компаниясы Ростов үшін жаңа спорт түріне қолдау көрсетті

(Количество фото 3 шт.)

«Rope-skipping» сөзінің өзі ағылшын тіліндегі «skip» - секіру, қарғып секіру, «rope» - секіртпе сөздерінен шыққан. АҚШ пен Еуропада роуп-скиппинг сәнге айналған салауатты өмір салтымен бірге танымалдылыққа ие болды және спорт түрі ретінде өткен ғасырдың 80-ші жылдарынан бастап дамып келеді. Спорт федерациялары 30-дан астам әлем елдерінде ашылған. Қарапайым ғана балалар ермегі бола тұра төзімділікті жетілдіреді, жүрек-тамыр және тыныс алу жүйесін нығайтады, артық салмақтан арылуға септігін тигізеді, аяқ бұлшық еттерін нығайтады және денсаулыққа барынша жағымды әсер етеді. Көріністілік жағынан бұл спорт түрі олимпиада бағдарламаларына кіретін ойын түрлерінен кем түспейді. Ростовта роуп-скиппинг жақында ғана пайда болды, бұл спорт түрі бойынша бірінші ашық турнир 2012 жылдың ақпанында өтті. Соңғы жарыстар барысында бір кісілік шапшаң және күштік секіру, топтық секірулер, айқастырылған аяқпен және қолмен секіру, жүрелеп отырып, аяқты ауыстыра отырып секіру, қырымен секіру және басқалар бағаланды. Нәтижесінде қатысушылардың 5 жас топтары үшін медаль жиынтықтары ойнатылды.

 

«Роуп-скиппинг Ресейде енді ғана қадам басып келеді, Ростов аталмыш спорт түрін танымал етуге бағытталған алғашқы орталықтардың бірі болып табылады. Аймақтық роуп-скиппинг федерациялары тек Мәскеу, Волгоград, Орел және Санкт-Петербург қалаларында ғана бар. Федералдық және аймақтық деңгейде ресейліктерді сауықтыру бойынша жалпыұлттық жобаларды жүзеге асыру шеңберінде осы болашағы бар спорт түріне  қызығушылық мол», – дейді Дондағы Ростов қ. Роуп-скиппинг және спорттық хореография федерациясының вице-президенті Вадим Савельев.


«DIMEX компаниясы көптеген жылдар бойы Ростов облысында және басқа да Ресей аймақтарында әртүрлі спорттық іс-шараларға қолдау көрсетіп келеді. «Citius, Altius, Fortius!» олимпиада ұраны біздің Компаниямыздың рухына өте жақын. Кез-келген спорт түрі адам бойында нәтижелерге қол жеткізу, жеңіске ұмтылу талпынысын қалыптастырады. Балалар мен жасөспірімдер спортына қолдау көрсете отырып, біз белсенді, есті, әрі мақсатқа ұмтылған жастарды дамытуға қолымыздан келген үлесімізді қосамыз, осылайша, DIMEX компаниясының Корпоративтік әлеуметтік саясатының маңызды бағыттарының бірін жүзеге асырамыз», – деп түсіндіреді «DIMEX» Басқарушы компаниясының Президенті Андрей Мышковец.

 

 


24.09.2010
Ұлт бірлігі Кубогы

1Қазан 2010
 Одесса қаласында мемлекеттік циркте кубоктың 8-этапы болады, Даймекс компаниясы қолдау көрсетеді. Чемпионатқа 4 команда катысады. "Combat-DOBRO"
( Украина), "Serbian Top Team ( сборная Сербии), "Pro Team Peresvit"
(Украина) и "Академия ММА" (Белоруссия)


23.09.2010
Балалар біздің болашағымыз қайырымдылық акциясы

(Количество фото 5 шт.)

"ДАЙМЭКС" компаниясы балалар уйіне көмек корсетуді дәстүрге айналдырды. Осы жолы кайырымдылык акциясы жаңа оқу жылы қарсаңына орай ұйымдастырылды. Даймекс компаниясының ар аймақтағы бөлімдері орналасқан қаладағы  1 балалар уйіне жаңа оқу жылы үшін жаңа киімдер, жаңа аяқкиім, сабаққа керек дәптер кітап қаламсап тәрізді керек-жарақтар сатып алынды. Жасы кіші балаларға ойыншықтар жане балалардың  ой- өрісін дамытатын ойындар сыйга берілді, Компания атынан болінген  қаржыдан басқа компанияда жұмыс жасайтын әр қызметкер әркайсысы өз атынан өз үлесін қосты,  Жылы шырайға зәру бөбектерге өз журегінің жылы лебіні білдірді


20.04.2010


23.09.2009

(Количество фото 15 шт.)


11.09.2009

(Количество фото 4 шт.)


07.09.2009

(Количество фото 10 шт.)


04.08.2009

(Количество фото 2 шт.)


02.04.2009

(Количество фото 26 шт.)


28.03.2009

(Количество фото 5 шт.)


20.03.2009

(Количество фото 3 шт.)


18.02.2009

(Количество фото 3 шт.)


13.02.2009


11.02.2009

(Количество фото 4 шт.)


09.02.2009

(Количество фото 7 шт.)


05.02.2009

(Количество фото 10 шт.)


25.01.2009


 

версия для кпк

Новости Dimex

02 марта 2016
21 августа 2015
29 июля 2015